Алақандай Андоррада 80 мыңға жуық халық бар. Екі таудың ортасында тұрған кішкентай мемлекет осыдан екі күн бұрын Тәуелсіздік күнін тойлады. Қазақстан мен Андорра осыған дейін 2 рет кездескен. Екеуінде де қазақ футболшылары жеңіске жеткен. Андорра құрамасы биыл 4 ойын ойнапты. Ешқайсысында өз қақпасына гол жібермеген. Қазақстан сол екі ойын өткізген шағында бір ойыншысы дубль жасап отырған. Бірде Остапенко, бірде Хижниченко. Букмекерлік кеңселер Қазақстанның жеңісіне 1,58 коэфицентін беріп тұр. Грузиядан жеңіліп қалған соң, қалайда Андоррадан үш ұпай алуымыз керек. Айтпақшы, бұл елдің футболшылары әуесқой, басқа да жұмыстар істейді деген сөз өтірік екен. Ермұхамед МӘУЛЕН Андорра