Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері:«Қайрат» мүмкіндік берген жоқ

22.02.2025, 18:05

«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов Қазақстан Суперкубогінде «Қайратқа» қарсы өткен ойынды қортындылады.

Игорь Леонов
Жарнама
Жарнама

Осы жаңа аяқталған матчта алматылық клуб «Ақтөбені» 2:0-мен басым түсіп, титул иегері болды. 

«Неге үлкен күшпен шабылдамадық дейсіз бе? Шабуылдағымыз келген, алайда «Қайрат» қаптал мен алаң ортасын бақылауда ұстады. Мүмкіндік берген жоқ. 

Рабиу жақсы ойнады. Иә, қателесті, бірақ ол 85-минут болатын. Қатарымызға жақында ғана қосылды ғой. Қазір бабында. Қайыровтың аздаған жарақаты бар, оны үзілісте алмастырып тастағым келген», - деген еді украиналық маман. 

Айта кетейік, «Ақтөбе» былтыр премьер-лигада үздік үштікті түйіндеп, Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров