Аксель Витцель – Германия Бундеслигасының тамыз айындағы үздік голының авторы
14.09.2018, 16:49
Жарнама
Жарнама
Германия Бундеслигасының тамыз айындағы үздік голы анықталды. Дауыс берудің қорытындысы бойынша «Боруссия Д» ойыншысы Аксель Витцельдің голы үздік болып танылды.
Витцель тамыз айында «Лейпциг» қақпасына қайшылап теуіп соққан еді. Ол ойында «Боруссия» 4.1 есебімен жеңіске жеткен.
Ойыннан кейін Аксельдің берген комментарийі:– Мен мұндай голды бұрынғы клубтарымда – «Льеже», «Бенфика» және Қытай чемпионаты мен ұлттық құрама сапында соққанмын. Доптың ыңғайлы келе жатқанын көріп, қайшылап тебуге әрекет жасадым. Егер мүмкіндік болса, әрдайым соғуға тырысамын. Бірақ мен шабуылшы емеспін!
Витцель Германия клубына Қытайдың «Тяньцзинь Цюаньцзянь» командасынан ауысып келді. Bild агенттігінің мәліметі бойынша футболшы 4 жылдық келісімшартқа қол қойған. Жылдық табысы –10 млн еуро. Қытайда бұдан екі есеп көп тапқан (18 млн + бонус).
https://youtu.be/sj50Hiv6E3Y