Бүгін біздің уақытпен 21:00-де «Адана Демирспор» түрік Суперлигасының көшбасшысы «Фенербахчені» қабылдамақ.
19-тур аясындағы бәсекені Sport Plus Qazaqstan арнасынан тамашалауға болады.
Алаң иелерінің сапында Абат Айымбетов кездесуді бірінші минуттардан бастауы ықтимал. Айта кетейік, аданалық команда соңғы екі ойында жеңілістің ащы дәмін татты. Команда соңғы рет желтоқсан айында гол салған, оны дәл осы қазақстандық форвард соққан еді. Жалпы биылғы маусымда отандасымыз барлық турнирлерде 14 матчта өнер көрсетіп, 3 рет мергендік танытқан болатын.
Аданалық команда соңғы орынға жайғасса, «Фенербахче» 42 ұпаймен 2-орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET