Жарнама
Жарнама

Айбар Жақсылықов 4 матчқа шеттетілді

05.11.2020, 01:25
Шабуылшы осы жолы Қазақстан құрамасының резервтік құрамына енген еді.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов 4 матчқа шеттетілді, деп хабарлайды ҚФФ.

"Бас төрешіге қарсы дөрекі сөйлеп, спортқа тән емес мінез-құлқы үшін "Жетісу" ФК ойыншысы Айбар Жақсылықов төрт матчқа шеттетілді. Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды. Жаза мерзімі 2020 жылдың 1 қарашасында күшіне енді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жақсылықов "Қызыл-Жармен" өткен матчтың 85-минутында қызыл қағаз алған болатын. Шабуылшы осы маусымда 4 гол соғып, Қазақстан құрамасына шақырту алып үлгерді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров