"El Chiringuito" порталының мәліметінше, "ПСЖ" жартылай қорғаушысы Адриен Рабьо "Ювентуспен" жеке келісім-шартқа келіп қойған. Енді шілдеде "ПСЖ"-мен арадағы келісімі аяқтала салысымен Туринге жол тартпақ. Ақпарат көзі Адриен 5 жылдық келісім шартқа қол қойғанын, жылына 7 млн. еуро жалақы алатынын айта кетіпті. Оған қоса жаңа келісім-шарт үшін тағы 10 млн. есепшотына түседі делінген.
Өткен маусымда Рабьо Франция чемпионатында 14 матчқа қатысып, 2 гол салған. Естеріңізге сала кетейік, франциялық ойыншыны сәл ертеректе "МЮ" сатып алуға тырысқан еді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.