Жарнама
Жарнама

“Аданадемирспор” ұжымы Абат Айымбетовсыз ұтылып қалды

“Аданадемирспор” Түркия Суперлигасының 5-турында "Антальяспорда" қонақта болып, 2:1 есебімен жеңілді.

Жарнама
Жарнама

Матчта есеп екінші таймның бес минуты артта қалғанда ашылды. Алаң иелері сапынан Сэм Ларссон мергендігімен көзге түсті. Қонақ команда “Антальяспорға” кездесудің 84 минутында жауап қатты. 22 жастағы жас шабуылшы Салих Кавразли таразы басын теңестірді. Алайда ойын аяқталар тұста қосылған қосымша уақытта қызыл-ақтар парагвайлық Самудионың көмегімен кездесудің нүктесін қойды.

“Аданадемирспор” клубы ішкі чемпионатта өткізген 5 кездесуінің 3 жеңілді, 2 тең түсті. Команда жеңіс жолына түсе алмай келеді. 

Отандасымыз Абат Айымбетов болса, “Антальяспорға” қарсы ойынға қатысатын футболшылар тізімінен шет қалды. Ел құрамасының шабуылшысы осыған дейін Адана ұжымында 3 ойын өткізді. 

Суперлигадағы келесі матчын Валканис шәкірттері “Аланияспормен” өткізеді. Осы маусымда қосы ұжымның турнирдегі жағдайы қарайлас. Екеуі де әлі жеңістің тәтті дәмінен ауыз тие алмауда. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров