Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабек «Тараз» футбол клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында "Antalya Cup-2021" турнирінде Солтүстік Македониямен болған ойын (2:1) туралы пікірімен бөлісті.
– Абылайхан, ойын қалай болды?
– Кездесу өте тартысты өтті. Алайда қарсылас бізді бағаламағаны сезілді. Біздің қақпаның маңын жиі торуылдап тұрды. Дегенмен екінші таймда жігіттер жігерленіп, жекелеген тұстарда біз басым болдық. Соның арқасында гол да соғылды. Нәтижеге көңіл толады.
– Соққан голың жайлы айтсаң...
– Алыстан келген доп менің аяғыма тура келіп түсті. Тіпті оны бірер сәтке жоғалтып ала жаздадым. Доп менде болғанда мұның мүмкіндік екенін сезіндім. Қорғаушымен күресіп, допты ыңғайлап, теуіп жібердім. Негізі алаңға аздаған жарақатпен шықтым. Бірақ бұл сәтте жолым болды.
– Бапкерлік құрамның бұл турнирдегі тапсырмасы қандай?
– Мүмкіндігінше әр матчта жеңіске жету. Демек турнирде жеңімпаз атану деген сөз. Әрине, қарсыластар оңай емес. Бірақ турнирде жеңбеген соң оған қатысудың қажеті қанша?
"Тараз" КФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET