«Манчестер Сити» ақпан айындағы үздік ойыншыларын анықтады.
Бұл жолы айдың үздігі деп өзбекстандық орталық қорғаушы Абдукодор Хусанов табылып отыр.21-жастағы футболшы АПЛ-ге келген алты аптаның ішінде осындай атаққа ие болды. Дауыс беру кезінде Абдукодир Эрлинг Холанд пен Йошко Гвардиолды басып озған еді.
Ақпанда өзбекстандық ойыншы бес матч өткізген. Оның екеуінде «Манчестер Сити» қақпасын голдан аман алып қалуға өзінің үлесін қосты. Сондай-ақ, ол кубок ойынында «Лейтон» қақпасына бір гол соқты.
Айта кетейік, Абдукадир Хусановты «Манчестер Сити» Францияның «Ланс» клубынан 40 миллион еуроға сатып алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET