Жарнама
Жарнама

Абдель Ламанж: «Мен бүгін Қазақстан құрамасына жанкүйер боламын»

28.03.2021, 18:31
Ламанж Францияда дүниеге келгеніне қарамастан, біздің құрамаға қолдау көрсетпек.
Жарнама
Жарнама

Қазіргі кезде Румынияның «Астра» командасында ойнап жүрген «Атырау», «Қайсар» және «Шахтер» клубтарының бұрынғы қорғаушысы Абдель Ламанж Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан - Франция матчы туралы пікір білдірді. Кездесу бүгін, 28 наурызда «Астана Арена» стадионында өтеді.

- Өзіңіз білетіндей, бүгін Қазақстан - Франция матчы өтеді. Сіз оны көресіз бе?

- Менің бүгін бос уақытым бар, сондықтан мен бұл кездесуді міндетті түрде көремін. Мен Қазақстан құрамасының ойыншыларының көпшілігін білемін, мен оларға жанкүйер боламын. Мен үшін олар жақсы ойыншылар, енді оны әлемдік деңгейде көрсету керек. Бұл мүлдем басқа деңгей.

- Сіз бүгінгі матч туралы не ойлайсыз?

- Франция қазір жақсы жағдайда емес. Олар Қазақстанға ұзақ сапар жасады. Оның үстіне олар жасанды алаңда ойнауға дағдыланбаған. Қазақстанның мүмкіндігі бар. Қазір футбол 25 жыл бұрынғыдай емес - барлығының мүмкіндігі бар. Өйткені, олар да адам. Доп домалақ. Тең ойын үшін күресуге мүмкіндік бар. Украина мүмкін нұсқалардың бірін көрсетті.

- Сіз Францияда кішкентай кезіңізден бері өмір сүресіз. Бүгін қай командаға қолдау көрсетесің?

- Мен әрдайым кішкентай командалар жайлы ойланамын. Франция - футболы дамыған ел, олар мұндай кездесулерде жеңіске жетуге міндетті. Өкінішке орай, бұл ойында Қазақстанның мүмкіндігі аз. Мен Қазақстанға 55 пайыз, ал Францияға 45 пайызға жанкүйерлік етемін (күледі).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров