Түркия Кубогінің төртінші турында Абат Айымбетовтің «Адана Демирспоры» өз алаңында «Себат Генчликспорды» қабылдаған болатын.
Адана қаласында болған бәсекеде алаң иелері ойынның қосымша уақытында 4:3 есебімен басым түсті. Абат Айымбетовтің клубының бірінші таймнан кейін 0:2-мен жеңіліп жатқанын да қоса кету керек.
Қазақстандық шабуылшының өзі ойынды негізгі құрамда бастап, соңына дейін өнер көрсетті. Ойынның 62-минутында Абат Айымбетов командасына бұрыштама добын әкеліп, нәтижесінде аданалық футболшылар үшінші голдарын соқты. «Адана Демирспор» осы жеңісінен кейін Түркия Кубогінің бесінші раундына шықты.
Біздің серіктес: FONBET