Жарнама
Жарнама

43 жастағы қақпашы Александр Мокин «Қайсарға» қосылды

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайсар» футбол клубына тәжірибелі қақпашы Александр Мокин келіп қосылды. 43 жастағы футболшы «дала қасқырларымен» келісім-шартқа отырса, алдағы маусымда ҚПЛ-да өнер көрсететін ең егде ойыншы атанбақ.

Жарнама
Жарнама

Александр Мокин бүгінде ел чемпионатындағы атақ-даңқы көп қақпашылардың бірі. Оның ішкі біріншілікте жеңбеген трофейі қалмаған. Кәсіби мансабында 10 клубтың қақпасын күзетіп, алаңда 410 ойын өткізген. Соның 163 матчында гол жібермеген екен. Бір жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы болды. Былтыр ардагер футболшы Ақтаудың «Каспиінде» ойнап, маңғыстаулықтарды Премьер-лигаға шығарды. Ал «Қайсар» жуырда командадан кеткен Степан Сикачтың орнына Мокиннің кандидатурасын құп көріп отыр. 43 жасқа дейін кәсіпқой футболда жүру оңай емес. Дегенмен, Александр өзіне жақсы таныс бапкерлер штабына әлі бабында екенін дәлелдемек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: