Жарнама
Жарнама

20 жылда алғаш рет Италия құрамасында «Ювентустің» бірде-бір футболшысы ойнамады

11.09.2018, 18:54
Жарнама
Жарнама
Кеше түнде Италия құрамасы «Ұлттар лигасы» турнирі аясында Португалия құрамасымен кездесті. Бұл матчта Еуропаның оңтүстігінде орналасқан құрама жеңіске жетті. Бір қызығы, осы ойында Италия сапында негізгі құрамда «Ювентустің» бірде-бір футболшысы алаңға шықпады. Соңғы рет мұндай жағдай 1998 жылы Италия Камерунды 3:0 есебімен ұтқанда қайталанған. Португалиямен ойында Роберто Манчини бапкер «Милан», «Рома», «Лацио», «Торино», «Фиорентино», СПАЛ, «Дженоа», «Челси» командаларының ойыншыларын шығарды. Сосын қосалқы құрамнан «Челси», «Торино», «Сассуола» ойыншысы мүмкіндік алды. Есесіне, Португалия сапында «Ювентустің» қорғаушысы Жоау Канселу ойнады. Португалия – Италия – 1:0 Гол: Андре Сильва, 48 (1:0).
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров