Магомед Адиев: ҚПЛ-дегі әр бапкермен байланыстамыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
01.05.2024, 10:21

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің штабының жұмысы мен Ұлттық командаға жаңа ойыншыларды тарту туралы айтты. 

 

Магомед Адиев: ҚПЛ-дегі әр бапкермен байланыстамыз
Магомед Адиев ҚФФ өткізген баспасөз-мәслихатында

"Біздің штаб өзінің жұмысын тоқтатпайды. Кейбір ойындарға бара алмайтынымыз түсінікті, алайда барлық турлардағы матчтардың ақпаратын алып отырамыз. Көптеген бапкерлермен байланысып, керекті мәліметтерді аламыз. Бұған қоса Ұлттық құрамалар департаменті қосымша ақпараттарымен бөліседі. Қазір 25-мамырға дейін клубтық шаруаларды ретке келтіріп алайық. Сол жұмыстарды ыңғайлап алған соң бірден Қазақстанға қайтып, Ұлттық құрамамен түбегейлі айналысамыз"- деді М. Адиев. 

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасының бас бапкері сәуірдің бесінен бері  "Ахматты" да жаттықтыруда. Жуырда ҚФФ өткізген баспасөз-мәслихатында Әділет Барменқұлов құрама бапкеріне қос қызметті қатар алуға мүмкіндік берілетінін жеткізген еді. Магомед Адиев қазір Грозныйлық клубпен РПЛ-дің турнирлік кестесінде 10-сатыға көтерілді. "Ахмат" басшылығының Адиевті шақырудағы басты мақсаты - команданы премьер-лигада алып қалу болатын. Қазірше Магомед Мұсаұлы бұл міндетін орындауға жақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×