Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жеребесі алдында 2 себетке түсті

07.05.2024, 19:52

Футзалдан Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионаты жеребесіне қатысатын ұжымдар арнайы себеттерге бөлінді. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жеребесі алдында 2 себетке түсті

Кіші-футболдан Әлем чемпионаты жеребесі 2024 жылдың 26 мамырында өтеді.

14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін мундиальды Ташкент, Андижан және Бұқара қалалары қабылдайды. 

Футзалдан құрамалар арасындағы басты турнирде бас-аяғы 24 құрама бақ сынайды. Олар жеребе алдында арнайы себеттерге бөлінді. 

1 себет: Өзбекстан, Бразилия, Португалия, Испания, Иран, Аргентина.

2 себет: Марокко, Қазақстан, Таиланд, Франция, Украина, Парагвай.

3 себет: Хорватия, Жаңа Зеландия, Венесуэла, Ауғанстан, Коста-Рика, Тәжікстан.

4 себет: Нидерланды, Гватемала, Панама, Ангола, Ливия, Куба.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×