Бұл "Байерді" тоқтататын біреу бар ма?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
03.05.2024, 06:51

Кеше Хаби Алонсоның командасы Еуропа лигасының финалына үлкен қадам жасады.

Бұл "Байерді" тоқтататын біреу бар ма?
"Рома" - "Байер" матчы

Көпшілік ЕЛ-ның бірінші жартылай финалында "Романың" тұяқ серпуін күткен. Даниэле Де Россидің командасы келер маусымда Чемпиондар лигасынсыз қалды. Сол үшін "Ромаға" биыл бір Еурокубокті алу ауадай қажет болатын. Оның үстіне "Байердің" қашанғы жолы бола бермек (қатарынан 47 матч жеңіліссіз). Сөйтсек, Хаби Алонсоның бір ойлағаны бар болып шықты. "Дәріханашылардың" Германия Кубогінің финалына шығып қойғанын білеміз. Алайда биылғы бундеслига чемпионы маусымды үш титулмен аяқтауды алдына мақсат қойған секілді. 

Сонымен, Римдегі матчта алаң иелері ештеңе көрсете алған жоқ. "Байер" жауапты ойын алдында өзіне тиімді есепті ұстап, қарсыласын еш алаңсыз күтіп алмақшы. Себебі, кешегі кездесуде Флориан Вирц (28) пен Роберт Андрихтің (73) тура соққылары "Байерге" маңызды жеңісті сыйлады. Енді бұл жұптың жеңімпазы "Марсель" мен "Аталантаның" біреуімен финалда жолығады. Айта кетейік, кеше болған екінші жартылай финалда тең нәтиже тіркелді (1:1).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×