«Астана» ФК спорттық директоры төрешілер қызметіне қатысты шағым айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
06.05.2024, 13:39

 «Астана» футбол клубының спорттық директоры Игорь Павлюк ҚПЛ матчтарында қызмет жасайтын төршілерді сынға алыпты. Дәлірек айтсақ, Игорь мырзаның пікірінше, қазылар елордалық командаға әділетсіздік істеп жүрген көрінеді

«Астана» ФК спорттық директоры төрешілер қызметіне қатысты шағым айтты
Игорь Павлюк "Астана" ФК спорттық директоры

«Астананың» спорттық директоры өткен сенбіде «Ақтөбемен» болған ойынды және маусым басынан бері өткен тағы бірқатар бәсекені мысалға келтіре отырып, ҚФФ-дан араша сұрады.

Игорь ПАВЛЮК, «Астана» ФК спорттық директоры;

Ақтөбеде жарнамасына сай, жанкүйерлер жасаған атмосферасы тамаша, нағыз үлкен ойын болды. Аталған қалада өткен матчқа біздің клубтың жанкүйерлері алғаш рет келгені де көңіл қуантады. Бірақ осы мереке төрешілердің қателігінен тағы да бұзылды, ұқсас эпизодтар басқаша түсіндірілді, төрешілер тобының әрекеттерінде белгілі бір жүйелілік болмады. Ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ турдан турға өткен сайын төрешілер қарсыластарымыздың пайдасына қателеседі – «Елімаймен» ойында аяқдопшы алаңнан қуылды, қарсыласқа қызыл қағаз берілмеді, «Тобылмен» өткен матчта ереже бұзылып гол соғылды, енді «Ақтөбемен» матчта да «ғажайыптар» орын алды. Барып тұрған бассыздық! Қарсыластарымыздың мықтылығына шек келтірмейміз, алайда осы кездесулерде 7 ұпайдын айырылдық.

Бір қызығы бұл инцидент тұңғыш рет орын алып отыр. «Астана» тарапынан төрешілерге деген өкпе-назды айтып отырмыз. Осыған дейін қай жағынан аты шықса да, елордалық клуб басшылығының қазыларға қарата сын айтуын естімеппіз де, көрмеппіз. Игорь Павлюк мырзаның төрешілер жұмысы туралы мәлімдемесінде «нонсенс» деп бірнеше рет қайталай жазылған. Астаналық менеджерлердің төрешілер корпусына бағыттаған алғашқы шағымы да сол нонсенстей көрінді бізге. Қайта, осыған дейін ҚПЛ-дегі талай клуб өкілдері мен жанкүйерлерден төрешілердің осы «Астанаға» бір бүйрегі бұрып тұрады дегенін естуші ек. Енді бұл қалай болғаны?!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×