Абат Айымбетовтің «Адана Демирспордағы» жалақысы белгілі болды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
03.05.2024, 13:27

«Сapology.com» берген ақпаратқа сенсек, Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтің «Адана Демирспор» командасындағы жылдық табысы – 620 мың еуроны құрайды. Қазақстандық футболшы бір жарым маусымда шамамен 1,5 миллион еуро табыс табады делінген

Абат Айымбетовтің «Адана Демирспордағы» жалақысы белгілі болды
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" командасының жаттығуында

«Адана Демирспордағы» ең жоғары жалақының иесі Марио Балотелли екен. Италия құрамасының экс-футболшысы Түрік Суперлигасындағы өнері үшін жылына 3 миллион 330 мың еуро табыс табады. Ал Түркиялық клуб Криштиану Роналдумен бірге «Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының намысын қорғаған Наниге жылына 830 мың еуро төлейтін көрінеді.

Айта кетейік, Абат Айымбетов «Адана Демирспор» қатарында 7 кездесу өткізіп, әзірше көзге түскен жоқ. Қазақстандық футболшының клубы турнирлік кестеде 11-сатыға жайғасқан. Түрік Суперлигасының аяқталуына дейін әлі төрт тур қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×